"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Барап ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Барап ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ұлттық мұражайға саяхат

10.11.2023
2 қараша күні мектеп ұстаздары 9 сынып оқушыларымен бірге Астана қаласының Ұлттық мұражайына саяхатқа барды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы - еліміздің бай тарихы жайлы сыр шертетін баға жетпес асыл мұрамыз. Бүгінгі таңда Орталық Азиядағы ең ірі мұражай ретінде танылған мәдениет пен тарих ордасында аса құнды археолгиялық ескерткіштер мен жәдігерлер жинақталған. Мұражай заманауи мультимедиялық техникамен жабдықталған. Ежелгі және ортағасырлық тарих залы, екі бірдей "Алтын залы", Заманауи өнер және Көрме залдары, Этнография және Қазақстан залдарын біріктірген Ұлттық мұражай - тарихымыздың тұңғиығына бастар тамаша саяхат мекені. Оқушылар саяхаттан жақсы әсер алып, жақсы көңіл күймен үйлеріне оралды.
Саяхатты ұйымдастырған тарих пәнінің мұғалімі Утюпов Ержан Байзулловичке алғысымызды айтамыз.
Просмотров: 2786


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст